Астанада тұрғындардың көлігін тартып алған қылмыстық топ ұсталды

Zakon.kz
Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Астанада тұрғындардың көлігін тартып алып, ізін жасырған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Baq.kz.

4 наурыз күні Ж.есімді тұрғын полицияға жүгініп, Пушкин көшесінің бойында белгісіз біреулер күш қолданып «Toyota Corolla» маркалы автокөлігін тартып алғаны туралы арызданды.

Полицейлердің жедел әрекет етуінің арқасында осы іске қатысы бар 3 күдікті қолға түсті. Олар Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының 30 жастағы тұрғындары. Күдіктілер ұсталған жерде полицейлер «Toyota Corolla» маркалы көлікті тәркіледі.

Сонымен қатар, аталған топ осы жылдың ақпан айының соңында осыған ұқсас қылмыс жасағаны анықталды. ІІД-ге хабарласқан Астана тұрғыны белгісіз біреулердің Алпамыс батыр көшесінің бойындағы үйдің жанында күш қолдану арқылы «Toyota Camry» маркалы көлігін ұрлап кеткенін айтқан.

Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталғандар Астана қаласы ІІД уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Фото: Baq.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

В Таиланде нашли золотое кольцо возрастом 2 000 лет с загадочной надписью

Кто стал победителем Всемирных игр кочевников: поставлена точка

Британец "отличился" на борту самолета Тбилиси – Астана

Изменились правила валютных операций в РК

"Я не могу петь, плачу": Алла Пугачёва растрогалась во время встречи с 90-летним Раймондом Паулсом