Қарағанды облысы жетiмдер саны бойынша көш бастап тұр

Zakon.kz
Жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарының санына келсек, Қазақстан бойынша бұл мекемелердiң ең көбi Қарағанды облысында орналасқан.
Қарағанды облысы балалар үйлерiнiң саны бойынша көш бастап тұр. Екiншi орында Шығыс Қазақстан болса, үшiншi орында Қостанай облысы. Бұл туралы Балалардың құқықтарын қорғау комитетiнiң бас сарапшысы Гүлмира Күлсариева Бiрыңғай республикалық қамқоршылар кеңесiнiң отырысына дейiн берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарының санына келсек, Қазақстан бойынша бұл мекемелердiң ең көбi Қарағанды облысында орналасқан. Екiншi орында Шығыс Қазақстан облысы, үшiншi орында Қостанай облысы. Мысалы, Қызылорда облысында жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарында 66 бала болса, Қарағанды облысында мыңнан асады. Республикамызда осындай балалар саны жыл сайын 10-11 пайызға азаюда. Мысалы, өткен жылы ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетiм балаларға арналған ұйымдарда 8066 бала тәрбиеленсе, 2017 жылдың 1 қаңтарында олардың саны 7236 болды. Балғындар санын азайту мақсатында үлкен жұмыс атқарылып жатыр», - дедi маман.

Г.Күлсариеваның айтуынша, балалар үйлерiне керi қайтарылған жетiмдер саны алдыңғы жылдары 21 пайыз болса, өткен жылы 16 пайызды құрады. Осы салада да жұмыс жасалып жатыр, деп сендiрдi маман.

Қымбат Елтайқызы

Фото: Baq.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Британец "отличился" на борту самолета Тбилиси – Астана

Соболенко чуть не проиграла шестой ракетке мира в четвертьфинале US Open-2026

Град, дожди и пыльные бури: в каких регионах Казахстана ухудшится погода

В Таиланде нашли золотое кольцо возрастом 2 000 лет с загадочной надписью

Любовь и счастье войдут в жизнь трех знаков зодиака