Қазақстанның Қорғаныс министрі Өзбекстан қорғаныс ведомствосының басшысымен кездесті

Zakon.kz
Екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Астанада ҚР Қорғаныс министрі генерал–полковник Сәкен Жасұзақовтың Өзбекстан Республикасы қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Кабул Бердиевпен жұмыс кездесуі өтті. Бұл туралы zakon.kz ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа слтеме жасап хабарлайды.

Өзбекстанның Қорғаныс министрі ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне барып, университеттің оқу-әдістемелік және материалдық базасымен танысты.

Ұлттық қорғаныс университеті және Өзбекстан Республикасы Қарулы Күштерінің Академиясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғанын айта кеткен жөн.

Өзбекстанның Президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында мемлекет басшыларымен әскери ынтымақтастық туралы Келісімге және екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғанын естеріңізге сала кетейік.

Фото: www.mod.gov.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

День, когда Байконур замирает: почему 24 октября не запускают ракеты

Тренер "Бернли" объяснил, почему Дастан Сатпаев не играет весь матч