Жолаушыны жасыл дәрімен жуынуға мәжбүрлеген қостанайлық сот алдына барады

Zakon.kz
Өзінің заңға қайшы әрекетін Б. есімді азамат қоғамға деген немқұрайлылығын айналаға көрсету мақсатында камераға түсіріп алған
Қостанайда жолаушысын сұйық жасыл дәрімен жуынуға мәжбүрлеген такси жүргізушісі сотқа тартылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз орталығына сілтеме жасап.

«Іс мән-жайы қаралып, ақырғы шешім қабылдануы үшін Қостанай қ. №2 сотына жіберілді», делінген хабарламада. Бұған дейін БАҚ беттерінде хабарланғандай, өзін Мұрат аға деп таныстырған қостанайлық такси жүргізушісі жол ақысын төлемеген бойжеткенді жасыл сұйық дәрімен бетін жууға және өзінен кешірім сұрауға мәжбүр еткен.

«Өзінің заңға қайшы әрекетін Б. есімді азамат қоғамға деген немқұрайлылығын айналаға көрсету мақсатында камераға түсіріп алған», - делінген баспасөз парағында.

Одан кейін Б. видеоны өз таныстарына жібере бастаған, осылайша видео әлеуметтік желіге тарап кеткен. Қалалық ІІБ сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастап кетті. Қылмыстық тергеу органдары Б. әрекеттерін ҚР ҚК 293-бабы, 1-бөлігіне (бұзақылық) сәйкес деп тапты және бұл бап бойынша 2000-4000 дейінгі АЕК мерзімінде айыппұл салу және 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Фото: www.inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Песня казахстанского капитана полиции набрала несколько миллионов просмотров на YouTube

Турист остался парализованным после прыжка в море

ТНТ готовит новый "Универ": героев ждут самые тяжелые испытания

Кража века: женщины вынесли из банка в Петербурге 160 кг золотых монет на 13 млрд тенге

Экстремальная погода ожидается в Казахстане в пятницу