Қарағандыда су тасқынында жоғалған екінші жігіттің денесі табылды

Zakon.kz
Екі ағайынды Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Нұркен ауылының маңында жайылып жүрген малын іздеп шығып, содан із-түзсіз жоғалып кеткен еді.
Таңғы 10-да Қарағанды облысы Төтенше жағдай департаментінің жедел-құтқару жасағы және ІІМ Ұлттық гвардиясының №52859 әскери бөлімінің сарбаздары 2 сәуір күні Қарқаралы ауданындағы Қопа өзенінде суға кеткен екінші жігіттің денесін тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Мәйіт табылған жерге жету оңай болмады, құтқарушыларға мұзды жаруға тура келді. Алтыншы сәуір күні кешке мұз жару жұмыстарынан кейін 1980 жылы туған ер адамның денесі табылды. Бүгін таңертең сағат 10-да 1977 жылғы ағасының денесін тапқан. Су ағыны оларды өзенге құлаған жерден 2-2,5 шақырым қашықтыққа дейін ағызып әкеткен», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖ департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Қуаныш Мұталлапов.

Еске сала кетейік, 2 сәуір күні екі ағайынды Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Нұркен ауылының маңында жайылып жүрген малын іздеп шығып, содан із-түзсіз жоғалып кеткен еді.

Фото: www.inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

Какие новые правила ждут работников и работодателей с 8 июня 2026 года