Қызылордада туған інісінің 11 жасар қызын зорлаған педофил сотталды

Zakon.kz
Мұндай қылмыс жасағандарды мемлекет аяусыз жазалайды - 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырады.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жабық сот отырысында 43 жастағы сотталушы, педагог Қ.Б.-тің қылмыстық ісі қаралды. ҚР ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігімен айыпталған Қызылорда қаласының тұрғыны педагогикалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 15 жылға сотталды. Бұл туралы ҚазАқпарат мемлекеттік айыптаушы-процесс прокуроры Сая Темірбековаға сілтеме жасай отырып хабарлады.

Сотталған Қ.Б 11 жастағы қыздың дәрменсіз күйін пайдаланып, күш қолданып, бірнеше рет сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық іс-әрекеттерін жасаған. Атап айтқанда, сотталған 2015 жылдың желтоқсан айында және 2017 жылдың 1 қаңтарында туған інісінің үйіне қыдырып келіп, інісінің 11 жасар қызына күш қолданып, табиғи емес нысанда жыныстық қатынас жасап, жыныстық құмарлығын қанағаттандырған. Жәбірленуші жасына сәйкес, сотталушыға қарсылық көрсете алмаған.

Аузынан ана сүті кеппеген баланы зорлау - нағыз азғындық. Мұндай қылмыс жасағандарды мемлекет аяусыз жазалайды - 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырады. Олардың жазасы жеңілдетілмейді. Сотталғандар мерзімінен бұрын босатылмайды, оларға рақымшылық жасау туралы заң қолданылмайды, ешқандай процестік келісім жасалмайды. Сотталғандар жаза мерзімін толық өтейді. Айта кетейік, статистика бойынша, әлемде 2 минут сайын 1 бала жыныстық зорлық-зомбылық көреді. Әрбір үшінші қыз 18-ге толғанша осындай жыныстық тиісуге ұшырайды екен.

Фото: inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

В пятницу, 13-го, на Казахстан обрушится непогода

МВД срочно обращается к родителям Казахстана из-за угрозы для подростков

Космический аппарат NASA рухнул из космоса: куда и как это было

FIFA вынесла решение по поводу участия сборной Ирана в ЧМ-2026 по футболу

Ограничение движения автомобилей в Алматы: кого и как затронут новые правила