Алимент төлемеген көкек əке қамауға алынатын болды

Zakon.kz
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Алматы облысында алимент төлемеген көкек əке қамауға алынатын болды. Айлық табысының үштен бір бөлігін балаларына төлемей, жалтарып жүрген азаматқа сот осындай үкім шығарды. Енді А есімді ер адам 3 күнін темір тордың ар жағында өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіндегілердің мəліметінше, А есімді азаматқа 2013 жылдың 12 желтоқсанында сот үкім шығарған. Ол 2008 жылғы жəне 2011 жылы дүниеге келген жасөспірімдерге алимент төлеуі тиіс. Бірақ азамат сот үкімін орындамаған.

Сот орындаушылар А есімді азаматты бірнеше мəрте ескертіп, сот шешімі орындалмаған жағдайда жауапкершілікке тартылатынын хабардар еткен. Бірақ ол ескертуден кейін жоғалып, артынша оған іздеу жарияланған. Азаматтың мекенжайы анықталған.

Бірақ ол балалары алдындағы берешегін төлеуге əлі асығар емес. Қарасай аудандық соты А есімді азаматты ҚР ӘҚК-ніің 669 бабы бойынша кінəлі деп тапты. Азаматты 3 тəулікке қамау жөнінде шешім шығарды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: www.inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Здесь мой центр земли – Алма-Ата": легендарный композитор Александр Зацепин отмечает 100-летие

Испанское побережье превратилось в казахский аул: фанаты Димаша запустили необычный проект

До +10°C: весна возвращается в Казахстан

Этери Тутберидзе не явилась за наградой к президенту Грузии

Побежденная соперница Рыбакиной в Индиан-Уэллсе объяснила свое поражение