Өскеменде ер адам әйелі мен енесін өлтіріп, денесін саяжайға жасырып қойған

Zakon.kz
Қарауылшының сөзіне қарағанда, 30 сәуір күні ер кісі полицейлерге барып, өзінің қылмысын мойындаған.
Өскеменде полицейлер саяжай учаскелерінің бірінен екі әйелдің мәйітін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат, Altaynews.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

"Светоч" бағбаншылық қоғамы қарауылының айтуынша, 28 сәуір күні саяжай иелерінің бірі өзінің жұбайы мен енесін өлтіріп, олардың денесін жерқоймаға тығып қойған. Қарауылшының сөзіне қарағанда, 30 сәуір күні ер кісі полицейлерге барып, өзінің қылмысын мойындаған.

Оқиға орнына жедел топ жетті. Шығыс Қазақстан облыстық ІІД әзірге бұл оқиға жайлы ешқандай ақпарат бермей отыр. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Күдіктінің кәмелетке толмаған ұлы ата-анасының қамқорлығынсыз қалды: оның анасы мен әжесі қаза тапса, әкесі - тергеу оқшаулағышында.

Фото: inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Курс доллара резко вырос на торгах 9 декабря

SMS с 1414: к казахстанцам с важным предупреждением обратилось Министерство ИИ

"Кайрат" – “Олимпиакос": Анарбеков получил награду УЕФА

Раскопанная в Египте неразграбленная гробница удивила бывалых археологов

Как водители обманывают камеры на трассах, рассказал глава Минтранспорта