Оралда велосипед ұрлығы жиілеп кетті

Zakon.kz
Мекенжайдың құлпын бұзу, әйнегін сындыру, сәйкес кілт табу, жасырын кіру арқылы 22 велосипед жымқырылған.
Орал қаласында велосипед ұрлығы жиілеп кетіп отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, биылғы наурыздан 10 мамырға дейінгі кезеңнің өзінде 53 велосипед қолды болған.

Соның ішінде наурызда 10, сәуірде 26, мамырдағы 10 күнде 17 ұрлық тіркелген. Бұлардың 31-і ұрылардың мекенжайға еркін кіруі арқылы жымқырылса, 18-і үйлердің кіреберісінен, екеуі көшеден, 11-і ауладан әкетілген.

Мекенжайдың құлпын бұзу, әйнегін сындыру, сәйкес кілт табу, жасырын кіру арқылы 22 велосипед жымқырылған.

Айта кетейік, қазіргі кезде велосипедтің құны 20 мыңнан 70 мың теңгеге дейін барады, сондықтан оның ұрлануы кім-кімге елеулі материалдық залал келтіреді.

Фото: www.inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды