Қызылорда облысында 12 мың гектар жерді шегіртке жайлады

Zakon.kz
Қазір Қазалы өңірінде қаптаған шегірткенің көзін жоюға 4 арнайы техника мен 1 дельтаплан тартылған.
Қызылорда облысының Қазалы ауданында 12 мың гектар жерді италиялық прус шегірткесі жайлады. Азық талғамайтын жәндіктер негізінен құмды аймақтарда төбе көрсеткен, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Бүгінде өңірде аталған зиянкестерге қарсы жаппай улау жұмыстары жүріп жатыр. Қазір Қазалы өңірінде қаптаған шегірткенің көзін жоюға 4 арнайы техника мен 1 дельтаплан тартылған. Енді 10 күннен кейін азиялық шегірткеге қарсы химиялық дәрілеу жұмыстары басталады. Жалпы облыс бойынша өткен жылы 161 мың гектар жер залалсыздандырылса, биыл бұл көлем 8 мың гектарға азайтылып отыр.

Еркебұлан Бекжанов, ҚР АШМ аумақтық инспекция басшысы:

- Қазіргі таңда бәрін бас жағында улап тастасақ, ертең артқы жастағылары шығады. Ол кезде біз ие бола алмай қаламыз. Сондықтан біз басындағы 2 мен 3 жастың ортасында жаппай улауды бастаймыз. Қазіргі таңда жаппай улауды бастадық. Бұл жұмыстар осы маусым айының аяғына дейін жалғасады. Өткен жылмен салыстырғанда италиялық прус азаюы байқалады, ал азиялық шегіртке көбейіп барады.

Фото: 24.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Игру ПСЖ против "Арсенала" покажет казахстанский телеканал

Америка объединилась ради подарка ко дню рождения Димаша Кудайбергена

Земля готовится к трем легендарным солнечным затмениям

Битва за шымкентскую школьницу: 118 зарубежных вузов засыпали выпускницу грантами

Нацбанк сделал заявление о новой банкноте номиналом 500 тенге