Оралда салынып жатқан нысаннан cәби табылды

Zakon.kz
Сәби облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы іздестіру жұмыстарына кірісті.
26 маусым күні кешкісін 4-шағынауданындағы № 24 орта мектеп ғимараты жанында салынып жатқан коттеджден сәби табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен алдын ала мәліметке қарағанда, аталған нысанның күзетшісі баланың даусын естіп, сол жерге барғанда, үстінде көгілдір конверті бар, одеялоға оралған сәбиді көрген.

Күзетші цемент үстінде жатқан шақалақты көтеріп алып, сол маңда серуендеп жүрген әйелден жедел-жәрдем мен полицияны шақыруын өтінген.

Сәби облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы іздестіру жұмыстарына кірісті. Сақшыларға жәрдемдескен Дик есімді қызметтік ит кинологты 30/2 мекенжайындағы үйге алып барған.

Сол маңдағы үйлердің пәтерлері де қаралды. Қазіргі кезде баланы тастап кеткен адам әлі табылған жоқ, бірақ іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Фото: inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

154 этажа: инженеры продемонстрировали, как растет самый высокий жилой небоскреб в мире

Самый популярный вратарь ЧМ-2026 все-таки нашел новое место работы

Дастан Сатпаев получил персональный номер в "Челси"

Без шлема в бетон: смертельное ДТП с участием мотоцикла произошло в ночном Алматы

Август 2026 года принесет засуху в семь регионов Казахстана