Екібастұздық полицейлер бес қабатты үйден шыққан өрттен тұрғындарды ерлікпен құтқарып қалды

Оқиға орнына ЖППР командирі орынбасарының м.а., полиция капитаны Р. Оразханов пен автопатруль жетті.
Екібастұз қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінде өрт орын алып, полиция қызметкерлері тұрғындарды тілсіз жаудан аман-есен құтқарып қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

№920 ЖП құрамындағы кіші сержант Д. Моменжанов пен қатардағы полицей А. Жұмагельдинов кезекті патруль барысында М. Әуезов көшесі №36 үйде өрттің орын алғанын байқаған.

Олар бірден бұл жағдай туралы Екібастұз қаласының ІІБ-нің кезекші бөліміне радиостанция арқылы хабарлады. Көп ұзамай оқиға орнына ЖППР командирі орынбасарының м.а., полиция капитаны Р. Оразханов пен автопатруль жетті.

- Қызыл жалын төртінші, бесінші подъездерге дейін аумақты шарпыған. Тұрғындар қылтимадан және есік алдында көмек сұрап тұрды. Өз кезегінде аға сержант С. Бектірбаев пен А. Жұмагельдинов қылтима арқылы төртінші қабаттағы үйдің терезесін бұзып кіріп, төрт адамды аман алып шықты, оның екеуі - бала. Дәл осы кезде Р. Оразханов, Д. Моменжанов, Д. Корнеев пен А. Тілеуовтер бесінші қабаттан үш тұрғынды құтқарды, оның екеуі - бала. Нәтижесінде тұрғындар аман қалып, аға сержант С. Бектірбаев аздаған дене жарақаттарын алып, газбен уланды. Екібастұз қаласы ІІБ ЖПҚ ЖППР қызметкерлерінің дереу әрекет етуінің арқасында барлығы ойдағыдай аяқталды, - дейді ІІБ ЖПҚ бастығы, полиция полковнигі Юрий Колесников.

Фото: Рavlodarnews.kz
Следите за новостями zakon.kz в: