Павлодар облысында 25 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті

Zakon.kz
Отырыс барысында жас жігіт сыртқы аулаға темекі шегуге шығып, қайтып оралмаған.
Павлодар облысының Ақсу қаласына қонаққа барған павлодарлық тұрғын Бегалинов Марат Ақылбекұлы маусым айының 29-нан 30-на қараған түні жоғалып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Туыстарының айтуынша, 29 маусым күні кешке Марат жолдастарының үйіне қонаққа барған. Отырыс барысында жас жігіт сыртқы аулаға темекі шегуге шығып, қайтып оралмаған. Қазіргі уақытта Мараттың қайда кеткені белгісіз. Жоғалған жігіттің туыстары бірден тәртіп сақшыларына хабар беріпті.

Құқық қорғау органының қызметкерлері көшедегі бейнебақылау камералары арқылы Мараттың жалғыз кетіп бара жатқанын көріп, болжам бойынша қайда бағыт алғанын анықтауда.

«Марат орта денелі, бойы 184 сантиметр. Көзік көк, шашы қысқа әрі қою қара. Сол жақ көзінде жара белгісі бар. Жоғалған уақытта джинсы шалбар мен көйлек киген. Маратты көргендер болса, 87017313821, 87789436964 нөміріне немесе 102-ге хабарлауды сұраймыз», - дейді Мараттың бөлесі Гүлжан Хамитова.

Аян Бекенұлы

Фото: inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Банкноты 2000 тенге старого образца перестанут принимать к оплате

Подросток вышвырнул из окна рюкзак с 24 млн тенге

Рыбакина проиграла на турнире в Мадриде

Олимпийская чемпионка поблагодарила Рыбакину за "поражение" от нее в Мадриде

В Казахстане изменилась логика денег: "нал" и "безнал" поменялись ролями