Экстремистік идеяны насихаттаған 7 сайтқа шектеу қойылды

Фото: zakon.kz
Экстремизмге үгіттеген сайттарды Атырау қалалық прокуратурасы ғаламторға мониторинг жасау кезінде анықтаған.
Заңға қайшы келетін экстремистік діни материалдарды насихаттаған 7 сайтқа шектеу қойылды. Сөйтіп, қауіпті саналатын ғаламтор желілері Қазақстан аумағына таралуына тосқауыл жасалды, деп жазады ATPress.kz.

Экстремизмге үгіттеген сайттарды Атырау қалалық прокуратурасы ғаламторға мониторинг жасау кезінде анықтаған. Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, сот тәртібімен тыйым салынған діни әдебиеттердің электронды нұсқаларын түбегейлі жойып жіберу мүмкін емес. Себебі, оны бір желіден бұғаттаса, екінші жерде ашықтан ашық насихатталып жүр.

Жалпы, жыл басынан бері Атырау қалалық прокуратурасы экстремизмдік, терроризмдік сипаты бар 97 сайтқа шектеу жариялаған. Ал, елімізде тыйым салған материалдардың реестрінде 692 аудио-бейне өнім бар.

Фото: atpress.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Может ли прорвать озеро Сорбулак в Алматинской области и как водоем влияет на природу

Не только собаки: ученые выяснили, почему лошади мгновенно считывают человеческие эмоции

Электросамокатам запретят движение по тротуарам, а велосипедам и малым электрическим ТС – нет

В Алматы с 21 января изменят маршруты двух автобусов