Алматыда алаяқ ұсталды

Фото: zakon.kz
Өзін жер комитетінде қызмет етем деп таныстарған күдікті халықтың сеніміне бірден кіріпті.
Алматыда алаяқ 30 шақты адамды мемлекеттен жер телімдерін алып беремін деп сан соқтырған. Ол әр азаматқа тиесілі 8 сотық жерді алып беруге уәде еткен, деп жазады Алматы телеарнасы.

Өзін жер комитетінде қызмет етем деп таныстарған күдікті халықтың сеніміне бірден кіріпті. 45 жастағы жігіт-ағасы құжаттарды түрлі-түсті қағазда басып шығарып, жұртты алдаған. Ол адамдарды алыстан іздеп сабылмапты. Көп жағдайда, көшеде халық көп жүретін жерлерді таңдаған. Күдікті өзін Талғат Орланұлы деп таныстырыпты. Телефон нөмірлерін де қате беріп кеткен екен.

Ал бастапқы қызметі үшін 20-30 мың теңге көлемінде ақы алып отырған. Құжаттарды рәсімдеуге көмектеспек болған. Өзі 30 адамды алдағанын мойындаған. Полицейлер алаяқтан зардап шеккендердің саны одан да көп болуы мүмкін деп топшылайды. Қазір Амантай Белгібаев қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ал тәртіп сақшылары оның бұдан бұрын да алаяқ жасағанын айтып отыр.

«Наурызбай ауданының ІІБ қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жасау барысында 9 шілде күні 2017 жылы Амантай Белгібайұлы деген азамат ұсталды 1972 жылы дүниеге келген. Оны тексеру барысында қағаздар болған, ол жаңағы түрлі-түсті көшірме әкімнің шешімі мен гос актының көшірмесі болған қолдарында 8 сотық жерді беру деген»,- деді Наурызбай аудандық ІIБ бастығы, Дәурен Өтебаев.

Фото: www.ridus.ru
Астана
Актау
Актобе
Алматы
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды