Павлодар облысында дала өрті өршіп тұр

Zakon.kz
Жылдың басынан бері Павлодар облысының мемлекеттік орман қоры аумағында 65 өрт оқиғасы тіркелді.
Павлодар облысында дала өрті өршіп тұр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

2017 жылдың басынан бері Павлодар облысының мемлекеттік орман қоры аумағында 65 өрт оқиғасы тіркелді. Жалын шарпыған аумақ - 1034 гектар, оның 56 гектары орманды жерлер. Келген шығын көлемі - 2 млн 405 мың теңге. Бұл жайында брифингте Павлодар облыстық ТЖ департаментінің басшысы Әлібек Длимов мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2016 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда, жану фактілері алты оқиғаға артқан, ал өрт шалған орман аумағы тоғыз есеге ұлғайды, материалдық шығын шамамен үш есеге, яғни 27 пайызға артты. Орман өрттерінің шығуының негізгі себебі найзағайдың түсуі болып отыр.

Тілсіз жауды ауыздықтауға Павлодар облысының ауылдық жерлерінде құрылған 2 523 адамнан тұратын әрі тиісті құрылғылармен жабдықталған 216 ерікті жасақтар мен мемлекеттік өртке қарсы қызметтері жоқ шалғай елді мекендерде жұмыс істейтін 21 өрт бекеті көмектеседі. Ә.Длимовтың айтуынша, ерікті жасақтар мемлекеттік өртке қарсы қызмет көмегінсіз дала өртінің 75 пайызын өз беттерімен ауыздықтады, ал өрт бекеттері 49 шақыртуға шықты.

Фото: inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Этери Тутберидзе не явилась за наградой к президенту Грузии

"Здесь мой центр земли – Алма-Ата": легендарный композитор Александр Зацепин отмечает 100-летие

Испанское побережье превратилось в казахский аул: фанаты Димаша запустили необычный проект

Казахстанцам хотят разрешить использовать пенсионные накопления на лечение зубов

Легендарная поп-группа 90-х "Иванушки International" меняет название