Астанада бойжеткен ішімдік алып бермеген ер адамды өлімші етіп ұрып тастады

Zakon.kz
Талып жатқан жігітті байқағандар дәрігер шақыртып, оның өмірін сақтап қалуға көмектескен.
Астана қаласының 1991 жылы дүниеге келген Анна Алексеева есімді тұрғыны құрбыларымен үйлер арасындағы аулада ішімдік ішкен. Бұл туралы “Қылмыс пен жаза” бағдарламасында айтылды, деп жазады stan.kz.

Үш құрбы масайып қалған кезде олардың жанынан Естібаев өтіп кетпекші болады. Алайда қыздар оны тоқтатып, өздеріне үш шөлмек сыра алып беруін сұрайды. Жігіт бұрылып қарап «Ішетін болсаңдар өздерің алып ішіңдер» деп жауап қатқан.

Осы сөзге ашулана кеткен қыз секіріп тұрып, жігітті ойламаған жерден ұрып құлатқан. Содан үш қыз жабыла тепкілеп, Естібаевті есінен тандырып тастаған. Соңында босаған шөлмектермен тағыда аяусыз ұрады. Осыдан кейін қыздар оқиға орнынан қашып кеткен.

Талып жатқан жігітті байқағандар дәрігер шақыртып, оның өмірін сақтап қалуға көмектескен. Дәрігерлердің тексерістен кейінгі айтқаны Естібаевтің бірнеше сүйегі сынып кеткен. Ол ауруханада 21 күн жатып емделген.

Жігіт ауруханада жатып-ақ өзін ұрып кеткен қыздардың үстінен шағым түсіріп қойған. Көп ұзамай полиция үш қызды ұстап, жауапқа тартады. Анна Алексеева өз кінәсін толықтай мойындап, жігіттің кешірімін де алған.

Бірақ сот жоғары білімі бар, есепші қызға шартты түрде 4 жыл жаза кескен.

Фото: stan.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Заместитель Серика Сапиева прервал молчание после жесткого заявления олимпийского чемпиона

Стоит ли сегодня покупать доллары и что с ними потом делать – советы финансиста

Лютые морозы до -35°С надвигаются на Казахстан

Фильм Бекмамбетова обошел "Аватар" в прокате в США

У казахстанца на счетах в банке нашли и арестовали 30,7 млн тенге: в АФМ озвучили причину