Қару ұсынған бозбала ұсталды

Zakon.kz
Полицейлер Сарыағаш ауданы Келес өзені арнасында 34 жастағы ер азаматтың экскаватормен заңсыз құм-тас қазып жатқанын анықтады.
Созақ ауданында полиция қызметкерлері «Кіші қара құс» тау бөктерінде құжатсыз шолақ атыс қаруымен жүрген 1998 жылы туылған жергілікті тұрғынды ұстады. Рейдтік шара барысында тегіс екі ұңғылы шолақ атыс қаруы мен екі дана оғы тәркіленді. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша Созақ АІІБ-мен ҚР ҚК-нің 288-бабы 1-бөлігімен «Қаруды заңсыз жасау» қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, деп жазады okg.kz.

Тағы осындай экологиялық қылмыс жуырда Сарыағаш ауданында тіркелген. Полицейлер Сарыағаш ауданы Келес өзені арнасында 34 жастағы ер азаматтың экскаватормен заңсыз құм-тас қазып жатқанын анықтады. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 334-бабымен «Жер қойнауын өз бетінше пайдалану» қылмыстық іс қозғалды.

Тәркіленген техника автотұраққа қойылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері табиғатты қорғау бағытында 3 экологиялық қылмыс дерегін анықтады. Айта кетейік, өңірде 10-31 шілде аралығында облыстық Жергілікті полиция қызметі табиғатты қорғау инспекторларымен бірлесіп «Табиғат» жедел алдын алу шарасын өткізуді.

Нәтижесінде, өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн түрлерін және жер қойнауын өз бетінше заңсыз пайдалануға қатысты 3 экологиялық қылмыс, 25 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Шара барысында 25 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 190 мың теңгеден аса айыппұл салынған. «Табиғат» жедел алдын алу іс-шарасы бүгін қорытындыланады.

Фото: okg.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Потерянный 40 лет назад советский "Луноход-1" внезапно подал сигнал с Луны

Вместо бетона: запрещенный почти век материал возвращается в строительство

Погода в Астане, Алматы и Шымкенте резко изменится в ближайшие дни

Димаша Кудайбергена поздравил Пласидо Доминго

Казахстанский город станет молодежной столицей СНГ