Балқаштағы 18 жасар қыздың өліміне қатысты күдікті ұсталды

Zakon.kz
Жігіттің 18 жастағы қызды өлтіруінің себебі анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Балқашта 18 жастағы қыздың өлімі әшкереленді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Қыздың тұлғалық бейнесі анықталмағанымен, полиция қызметкерлері оның туыстарын тез тапты.

«Қылмысты ашу үшін криминалды полиция қызметкерлерінің қыздың танылмаған бейнесін анықтауы керек болды», - дейді Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

«Бақылау камераларындағы жазбаларды тексеру барысында қыздың жігітпен гараж жаққа өтіп бара жатқаны анықталды. 18 жастағы қыздың тұлғасы бір тәулік ішінде танылды. Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары барысында 21 жасар қала тұрғыны ұсталды. Ол өз кінәсін толықтай мойындап отыр», - дейді Бақытжан Құдияров.

Жігіттің 18 жастағы қызды өлтіруінің себебі анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әзірге ол уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Фото: inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Сильная жара до +42°C, шквалы и грозовые дожди: опубликовано штормовое предупреждение

Вышел новый рейтинг лучших теннисисток мира

"Самая красивая женщина": 62-летняя супруга Игоря Крутого поразила его поклонников

Землетрясение зафиксировали в 257 км от Алматы: стали известны подробности

Полиция предупредила казахстанцев о новом способе мошенничества