Алматы облысында өрт қаупінің ең жоғарғы деңгейі белгіленді

Zakon.kz
Тілсіз жауды өшіруге облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты құрылымдардың 4 техникасы мен 16 өрт сөндірушісі жұмылдырылды.
Күн күрт ысығалы бері Жетісу жерінде он шақты дала өрті болды. Соның салдарынан үш мың гектардай аумақты қызыл жалын шарпып, мемлекеттке 300 мың теңге көлемінде шығын келді. Кеше Қапшағай қаласы мен Шеңгелді ауылының ортасындағы дала өртенген, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Тілсіз жауды өшіруге облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты құрылымдардың 4 техникасы мен 16 өрт сөндірушісі жұмылдырылды. Отқа оранған аумақтың көлемі мен одан келген шығын әлі анықталған жоқ. Аймақта өрт қаупінің ең жоғарғы бесінші деңгейі туындағандықтан, «Авиаорманқорғау» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ұшақтары мен тікұшақтары да әуеге көтерілді. Олар Қаратал өзенінің бойымен Балқаш көліне дейінгі аралықты әуеден бақылап қайтты.

– Біз бүгін Қаратал өзенінің бойын әуеден бір шолып шықтық. Себебі облыс аумағында өрт қаупінің бесінші деңгейі белгіленіп отыр. Біз мұндай жағдайда аспанға жиі көтерілеміз. Төртінші деңгейде күніне екі рет, ал бесінші деңгей туындағанда күніне бес рет ұшуға тура келеді. Абырой болғанда, бүгін ешбір өрт ошағын байқамадық, -дейді «Авиаорманқорғау» РМК бақылаушы-ұшқышы Мұрат Базарбеков.

Фото: 24.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

День, когда Байконур замирает: почему 24 октября не запускают ракеты

Тренер "Бернли" объяснил, почему Дастан Сатпаев не играет весь матч