Шығыс Қазақстанда полицейлер ер адамды азаптап, қылмысты мойындатпақ болған

Zakon.kz
Полицейлер ер адамды қызметтік бөлмеде азаптаған.
Шығыс Қазақстан облыстық соты үш полиция қызметкеріне қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Олар күдікті адамды азаптағаны үшін сотталған, деп хабарлады Sputnik облыстық прокуратураның баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Сот криминалды полиция бөлімінің жедел уәкілдері полиция учаскесінің қызметтік бөлмесінде күдіктіні азаптағанын анықтаған. Полицейлер ер адамды ауыр дене жарақаттарын салғанын мойындатпақ болған.

Істі тергеуді процессуалдық прокурордың қатысуымен мамандандырылған прокуратура жүргізді.

Процесс барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушыларды кінәлі деп тануын сұраған.

Сот шешімімен Болатбеков пен Бакенбаев 3 жыл 6 айға сотталды, жазасын қылмыстық- атқарушылық жүйенің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді. Бұдан бөлек, 3 жылға мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Купанов 3 жылға бостандығынан айырылды, жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық алқасы күдіктіні азаптағаны үшін сотталған Риддер АІІБ-нің үш қызметкеріне қатысты бірінші сот сатысының үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Фото: sputniknews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Зима возвращается: сильные морозы до -18°С и снегопады вновь обрушатся на Казахстан

Почему из крупнейшего водохранилища Казахстана сбросят 6,3 млрд кубометров воды

Какие регионы Казахстана затронет штормовое предупреждение в четверг

Земли бывшего Семипалатинского ядерного полигона перевели в состав земель запаса

В Казахстане водителей начали массово проверять по базам данных