Қостанайда есірткі мафиясын әйел басқарған

Zakon.kz
Қылмыстық топ былтыр жыл бойы белсенді жұмыс істеген.
Қостанайда 11 адамнан тұратын есірткі мафиясын әйел адам басқарған. Қылмыстық топ мүшелерін айыптау бойынша қылмыстық іс мамандандырылған ауданаралық сотқа жөнелтілді, деп хабарлайды sputniknews.kz Қостанай облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап

Ақпаратқа сүйенсек, Қостанай және Рудный қаласының 11 тұрғыны "ірі және аса ірі көлемде есірткілік заттарды сату үшін заңсыз сатып алу, тасымалдау, сақтау" әрекеттеріне барған. Олар бұл қылмысы үшін 15-20 жылға немесе өмір бойына сотталуы мүмкін.

Есірткі мафиясы былтыр жыл бойы белсенді жұмыс істеген. 2016 жылы желтоқсанда күдіктілер ұсталды. Қылмыстық топтың басшысы әйел адам болып шықты, оның үйін тінту барысында 3 килограмм 227 грамм героин мен оқ ататын қару және оқ-дәрі табылған.

Фото: sputniknews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Казино и миллионы: во Вьетнаме задержали разыскиваемого блогера из Казахстана

Внешний долг Казахстана вырос до исторического максимума – исследование

Зима вернется в Казахстан в середине апреля – ожидаются резкие морозы до -8°С, ливни и снегопады

Каким будет курс доллара в 2026–2028 годах – прогноз международного фонда

Как изменится процедура сдачи экзаменов на получение водительских удостоверений