Астанада бір топ көлік ұрлаушы ұсталды

Zakon.kz
Олар айдап әкеткен көліктің қосалқы бөлшектерін көлік базарында немесе ТҚКС арқылы сатқан.
Астана ІІД қылмыстық полиция қызметкерлері жедел іздеу шаралары барысында автокөліктерді айдап әкетумен айналысқан бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды sputniknews.kz ІІД баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Күдіктілер 20-27 жас аралығындағы Астана тұрғындары, бұдан бұрын сондай қылмыс үшін сотталған.

Күдіктілер "ВАЗ" және "ГАЗ" маркалы көліктерді ұрлаған. Күндіз көлікті бақылап, дабыл жүйесі бар жоғын анықтап, түнде айдап әкетеді екен. Ұрланған көлікті ұсталғандардың бірінің жеке үйінде бөлшектеп, көлік базарлары мен ТҚКС арқылы сатып отырған.

Қазір ұсталғандар уақытша ұстау изоляторында отыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Фото: sputniknews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды

Казахстанцам, стоящим в очереди на госжилье, сообщили хорошую новость