Павлодарда 42 жастағы ер адам көпірден секіріп кетті

Zakon.kz
Ер адам демалыс күндері әйелімен және 7, 12 жастағы қыздарымен келген.
Екібастұз қаласының тұрғыны, екі баланың әкесі Павлодарда көпірден секіріп кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Клуб добряков Павлодара» еріктілерінің айтуынша, оларға Қайдар Данкиннің жұбайы көмек сұрап жүгінген.

Ер адам демалыс күндері әйелімен және 7, 12 жастағы қыздарымен келген. Отбасын жібергеннен кейін өзі облыс орталығында қалып қойған.

Оның мұндай қадамға қандай себеппен барғаны белгісіз.

Еріктілердің сөзіне сүйенсек, 15-тамыз күні күзетші Қайдар Данкиннің Ертіске секірген. Алайда ол жүз метрдей қашықтықты жүзіп өткеннен кейін көзден ғайып болған.

Құжаттарын көпірде тастап кеткен. Өңірлік ІІД-де аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын айтады.

Еске сала кетейік, еріктілер 37 күннен кейін денесі табылған 17 жастағы Рания есімді бойжеткенді іздеу шараларына белсенді қатысқан.

Фото: Рavlodarnews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период

"Рада, что продолжила играть в свою игру": Рыбакина высказалась после выхода в полуфинал турнира в Нинбо