Алматы облысындағы үздік әлеуметтік жоба

Zakon.kz
Әлеуметтік жоба облыстық байқаудан өткен соң, республикалық деңгейде сарапталынатын болады.
Биыл «Үздік әлеуметтік жоба» конкурсына 12 өтінім түсіп, «Жігер-М» қоғамдық бірлестігі жеңіп алды. Бұл бірлестік «Мүмкіндігі шектеулі жастарды қолжетімді спорт түрлерімен шұғылдануға баулу» жобасымен грантқа ие болды. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

«Конкурсқа жобалар мазмұны, таныстыруы, ары қарай дамуы жағынан іріктелініп алынды. Әлеуметтік жоба болғандықтан барынша қоғамға ең қажеттісі таңдалынып алынды, яғни мүгедектерге мейлінше көмек беру. Жалпы 2014 жылдан бастап «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» көрмесі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұйымдастыруымен республикалық және өңірлік деңгейде өткізіліп келеді. Іс-шаралар қоғамдық бірлестіктерге көмек көрсету және халықтың әлеуметтік осал топтарының, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында және шығармашылық деңгейін дамытуға бағытталған», - деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Наурызбаева Сәния.

Айта кетейік, әлеуметтік жоба облыстық байқаудан өткен соң, республикалық деңгейде сарапталынатын болады.

Алматинская область
Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей
Фоторепортажи

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

В 1963 году из океана вынырнул остров и его сразу закрыли для людей из-за эксперимента

Назван новый курс доллара до конца 2026 года

30 мая отмечают День окрошки: врачи назвали самый полезный вариант супа

Нацбанк сделал заявление о новой банкноте номиналом 500 тенге

Курсы валют на выходные дни: 30 и 31 мая