Павлодарда араларды ұясымен тасымалдаған жүк көлігі аударылып, бірнеше жүргізуші жарақаттанды

Zakon.kz
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасауда.
Бүгін таңертең Павлодарда Алюминий зауытына барар жолдағы бұрылыста араларды ұясымен тасымалдаған КамАЗ аударылып қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасауда.

- Бүгін таңертең КамАЗдың тіркемесі ажыратылып, аударылғанда «Мерседес» көлігін жанап өткен. Салдарынан неміс көлігін тізгіндеген азаматты ара шаққан, сонымен қатар бірнеше жүргізуші аралардың шабуылына тап болған. Толық әрі нақты ақпарат арнайы топтың жұмысы аяқталған соң белгілі болады, - деді ІІБ баспасөз қызметінде.

Айта кетейік, Instagram желісінің павлодарлық қауымдастықтарында жарияланған видео бір сағаттың ішінде 15 мыңнан астам қаралым жинаған.

Абзал Қабдраш

Видео Instagram желісіндегі «Колеса Павлодара» қауымдастығынан алынды

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Дастан Сатпаев одержал первую и разгромную победу в составе "Бернли"

Главный тренер "Бернли" огласил решение по Сатпаеву после первой победы в сезоне

Мужчина заработал 58 млн тенге за лето, просто вытаскивая рыбу из реки

Мощные удары изуродовали часть полного людей самолета на высоте 5200 метров

Криштиану Роналду отстранен от игр сборной Португалии по футболу