Қарағандыда Ұлттық ұланның әскери қызметшісі қаза тапты

Жиырма екі жастағы қатардағы автокөлік тіркемесінің басып кетуінен ауыр жарақаттар алып, ауруханада көз жұмды
Қарағандыда Ұлттық ұлан сарбазы көлік тіркемесінің басып кетуінен қаза болды, деп хабарлайды sputniknews.kz, ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

"23 тамызда сағат 08.30-да Қарағанды қаласы 5451 әскери бөлімнің мерзімді қызметкері қатардағы 1995 жылғы Перметов Тимур Фахритдинович қаза болды. Ол Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласынан шақыртылған болатын", — делінген ҚР Ұлттық ұланның ресми хабарламасында.

Ведомствоның хабарламасына сәйкес, қайғылы оқиға таңғы сағат 7.00-де әскери бөлімде әскери техниканың дайындығын тексеруге арналған іс-шаралар жүргізілген кезде болған.

"УРАЛ" арнайы автокөлігінің жүргізушісі Тимур Перметов нұсқаулыққа сәйкес, тіркемені көліктен алып тастаған. Осы сәтте тіркеме ойламаған жерден үзіліп кетіп, қатардағы Тимур Перметовті қысып қалған. Салдарынан ол ауыр жарақат алған", — деп нақтылады Ұлттық ұланының баспасөз қызметінде.

Қатардағы сарбазға алғашқы медициналық көмектің көрсетілгені және оның Қарағанды қалалық ауруханаға жеткізілді.

"Шамамен сағат 8.30-да қатардағы Перметов есін жимастан көз жұмды", — делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта қызметтік тергеу басталды. Қаза болған сарбаздың отбасына және туыстарына қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Ұлттық ұланның жеке құрамы қатардағы сарбаз Перметов Тимур Фахритдиновичтің қазасына көңіл айтады.

Фото: sputniknews.kz
Следите за новостями zakon.kz в: