Ақтөбеде 30 тамыз күні Конституция күніне арналған салтанатты шара өткізілмек. Сағат 11:00-де 12 мың ақтөбелік мерекелік шерумен орталық стадионнан бастап облыстық әкімдікке дейін жүріп өтпек. Бұл туралы stan.kz, “Диапазон” жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Ал облыстық әкімдік алдындағы алаңда 50 жас жұбай бір уақытта некеге тіркелмек. Тіркеу салтанатына азаматтық хал актілерін тіркеу орталығының мамандары қатысады.
Неке куәлігін жастарға облыс әкімі мен облыстық мәслихат хатшысы табыстайды. Содан соң жастар вальс билеп, аспанға шар ұшырады.
Фото: stan.kz