41 жастағы павлодарлық алты жасар баланы жерге алып ұрған

Zakon.kz
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Мұхамадиеваның хабарлауынша, Савелий Орловтың денесі сыдырылған.
Оқыс оқиға Павлодар қаласындағы балалар ойын алаңдарының бірінде болды. 41 жастағы павлодарлық 6 жасар ұл баланы көтеріп, жерге алып ұрған, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл туралы Савелий Орловтың анасы айтқан. Ананың айтуынша, баласына ішімдік ішкен ер азамат қол көтерген. Күдікті бұл әрекетке баламен ерегесіп қалғаннан кейін барғанын айтқан. Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің өкілдері болған жайтты растады.

«Полицияға шақырту түскен соң тәртіп сақшылары оқиға орнына шұғыл жетті. Ішімдік ішіп алған 1976 жылы күдікті азамат ұсталды. Ол бірден айықтырғышқа орналастырылды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптаманың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - дейді облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Баян Мағзұмова.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Мұхамадиеваның хабарлауынша, Савелий Орловтың денесі сыдырылған.

«Оның денсаулығы жақсы. Дәрігерлердің тексерісінен соң Савелий Орлов үйіне оралды. Бала амбулаториялық жағдайда ем қабылдайтын болады», - дейді Махаббат Мұхамадиева.

Ақмаржан Әділбек

Фото: Bigmir.net

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Потерянный 40 лет назад советский "Луноход-1" внезапно подал сигнал с Луны

Вместо бетона: запрещенный почти век материал возвращается в строительство

Погода в Астане, Алматы и Шымкенте резко изменится в ближайшие дни

Димаша Кудайбергена поздравил Пласидо Доминго

Казахстанский город станет молодежной столицей СНГ