Павлодарда адам саудасының құрбаны болған 10 адам бейімделуден өтуде

Фото: zakon.kz
Орталықтың мекенжайы құпия сақталады. Сенім телефоны жұмыс істейді.
Павлодарда жыл басынан бері адам саудасының құрбаны болған 10 адам арнайы орталықта бейімделуден өтуде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Камалова мәлім етті. - Павлодарда биыл «Самал» оңалту орталығында адам саудасының құрбандарына арналған орталық ашылған болатын.

Орталықтың мекенжайы құпия сақталады. Сенім телефоны жұмыс істейді. Келесі жылы тұрмыстық зорлықтың құрбандары болғандарды оңалтуға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүзеге асырылады.

Бүгінгі күні мұндай қызмет түрлері балаларымен бірге өмірде қиын жағдайға тап болған әйелдерге арналған дағдарыс орталықтарында көрсетіледі.

Мекемені Марина Стрелковская басқарады. Дегенмен алдағы уақытта бұл іс үкіметтік емес секторға тапсырылатын болады, - дейді Гүлнар Камалова.

Спикердің айтуынша, өңірде денсаулық сақтау саласында 116 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Оларды С. Торайғыров атындағы ПМУ мен ПМПИ дайындайды.

Сондай-ақ төрт қарттар үйі, екі оңалту орталығы – «Ардагерлер» үйі мен тірек-қимыл аппарты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы бар.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Рavlodarnews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Физики впервые обнаружили квантовые скачки во времени

От -27°С до +3°С за три дня: какая погода ждет Алматы, Шымкент и Астану

Приоткрыта завеса тайны над внезапной эвакуацией космонавтов с МКС