Ақтөбеде дала өртін сөндіріп жүрген ауыл әкімі мен мұғалім қаза болды

Zakon.kz
Қазір Қылмыстық кодекстің «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу басталды.
Ақтөбеде дала өртін сөндіріп жүрген Сұлукөл ауылының әкімі Батырбек Бірлепесов пен мектеп мұғалім Жолдыбек Әбдісәлімов қаза болды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«4 қыркүйек күні Әйтеке би ауданы, Сұлукөл ауылынан 18 шақырым қашықтықта дала өрті тіркелді. Өртті сөндіру кезінде үш адам зардап шекті. 41 жастағы ауыл әкімі оқиға орнында қаза болды. Ал екі адам Әйтеке би аудандық ауруханаға жеткізілді. 39 жастағы мұғалім ауруханада көз жұмды. Үшіншісі ем алып жатыр. Осы оқиғаға байланысты сот медициналық сараптама тағайындалды»,- деді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз жетекшісі Нұргүл Қонақбаева.

Айта кетейік, қазір Қылмыстық кодекстің «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу басталды.
Фото: inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Вместо бетона: запрещенный почти век материал возвращается в строительство

Потерянный 40 лет назад советский "Луноход-1" внезапно подал сигнал с Луны

Димаша Кудайбергена поздравил Пласидо Доминго

Казахстан, Таджикистан и Узбекистан подписали важный документ по "Таджикскому морю"

В Алматы изменились тарифы на отопление и горячую воду с 1 мая 2026 года