Ақтөбе облысында дала өртінен қаза тапқандардың саны 4 адамға жетті

Zakon.kz
Екі маман реанимотолог және комбустиолог дәрігер, күйік дәрігер қастарында болды.
Сұлукөл ауылы маңында болған дала өртінен қаза тапқандардың саны 4 адам болды. Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданында осы оқиға болған күні ауылдық округтің 38 жастағы әкімі мен 39 жастағы мектеп мұғалімі көз жұмған еді, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген тағы екі тұрғын түнде қайтыс болды. Марқұмдардың денесін күйік шалған. Облыс орталығынан санитарлық авиация қызметі барып, қажетті медициналық көмек көрсетті.

Астанадағы күйік орталығының білікті мамандары телемедицина арқылы кеңес беріп отырған.

Алайда науқастарды құтқару мүмкін болмады. Айта кетейік, күннің ыстығында тұтанған от 15 мың гектар алқапқа тарап, жергілікті әкімдік пен еріктілер тобы өртті өздері сөндірмек болған.

Марат Жанқұлов, облыстық жедел-жәрдем ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

– Зардап шеккен 2 адам өкінішке орай қайтыс болды. Екі маман реанимотолог және комбустиолог дәрігер, күйік дәрігер қастарында болды. 90-95-100 пайыздай күйіктері болды. Медицина тілімен айтқанда, термоингаляциялық демалу жолдарының күйігі. Ол ең қауіпті жағдайдың бір түрі.

Фото: 24.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Дастан Сатпаев одержал первую и разгромную победу в составе "Бернли"

Главный тренер "Бернли" огласил решение по Сатпаеву после первой победы в сезоне

Мужчина заработал 58 млн тенге за лето, просто вытаскивая рыбу из реки

Мощные удары изуродовали часть полного людей самолета на высоте 5200 метров

Криштиану Роналду отстранен от игр сборной Португалии по футболу