Латын әліпбиіне көшу – қазіргі заман талабы

Филолог ғалымдар қазақтың төл дыбыстарын диграф арқылы беруді ұсынған.
Латын тілі – ғылым тілі. Сондықтан латын әліпбиіне көшуді қолдаймыз. Ғалымдар үшін, оның ішінде медицина ғалымдары үшін латын әліпбиіне көшу аса қиындық туындатпайды, деп ойын білдірді «Астана медицина университеті» акционерлік қоғамының ректоры Мажит Шайдаров.

Қазақ әліпбиінің латын графикасындағы нұсқасын дайындаған ғалымдар 25 әріп ұсынғаны белгілі.

"Филолог ғалымдар қазақтың төл дыбыстарын диграф арқылы беруді ұсынған екен. Диграф – бір дыбысты екі әріппен белгілеу. Латын әліпбиіне көшу барысында әлі де ұсыныстар болуы мүмкін", - дейді Астана қаласы мәслихатының депутаты, профессор Мажит Шайдаров.

Фото: inform.kz



Следите за новостями zakon.kz в: