Атырауда бекіре балығын заңсыз сатқан әйел айыпталуда

Zakon.kz
Қазір азаматшаға қатысты ҚР ҚК 339 бабы негізінде сот алды тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Атырауда өтіп жатқан кезекті «Бекіре 2017» жедел профилактикалық операциясы барысында бекіре тұкымдас балықтарды саудалаған азаматша анықталды. Бұл туралы atr.kz, Атырау облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме хабарлады.

Атырау қаласындағы Қ.Смағұлов бульварында орналасқан жазғы кафеге құнды балықты жеткізіп, келісін үш мың теңгеден саудаламақшы болған 44 жасар әйел адам полиция қызметкерлеріне берген түсініктемесінде су маржанын «Көктем» базарындағы белгісіз азаматтан сатып алғанын айтқан. Тексеру барысында барлығы 35 келі 500 гр бекіре тұқымдас балық анықталып, оның 1,5 келісі сот-биологиялық және тауарлық сараптамаға жіберілді.

Қазіргі кезде қызыл кітапқа енген балық түрін саудалаған азаматшаға қатысты ҚР ҚК 339 бабы негізінде сот алды тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Нұрсұлтан Ертуғанұлы

Фото: atr.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Озвучены новые подробности по отравлению 52 человек в вагоне поезда в Алматы

Спутник NASA запечатлел жуткое явление в океане

Рыба, купленная с рук, грозит сроком до 7 лет: в прокуратуре сделали заявление

Трое юных спортсменов погибли в ДТП по пути на соревнования в Туркестанской области

Гигантская находка в Египте озадачила местных ученых