Жыл басынан бері елордада 12 мыңнан астам жаяу жүргінші ЖЖЕ бұзды

Оның 64 кәмелетке толмаған жасөспірім.
«Құқық бұзушылық және тәртіпсіздіктің нөлдік төзімділігі» кең ауқымды акциясы аясында қыркүйектің 25 мен 27 аралығында елорда жолдарында тексеру жұмыстары жүргізілуде, деп жазады Астана қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы.

Рейдтің негізгі мақсаты – жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары мен апаттардың алдын алу жұмыстарын күшейту, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мен ЖКО алдын алу мақсатында Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметінің қатысуымен профилактикалық шаралар тұрақты түрде өткізіледі. Жыл басынан бері ЖЖЕ бұзғаны үшін 12 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді медиа орталықтың тілшісіне берген сұхбатында Астана қаласының ІІД ЖПҚ ЖПП полкінің инспекторы Астемір Бектаев.

Айта кетерлігі, жаяу жүргіншілерге жол жүру ережелерін бұзғаны үшін 5 айлық есептік көрсеткіш есебінде айыппұл салу көзделген. Ол 11 345 теңгені құрайды.

Ағымдағы жылдың басынан бері Астанада жаяу жүргіншілердің қатысуымен 200-ден астам ЖЖЕ бұзу фактісі тіркелді. Оның 64 кәмелетке толмаған жасөспірім.

Фото: baq.kz
Следите за новостями zakon.kz в: