Теміртауда көлікті қағып кеткен полицей айыппұл төлеп құтылуы мүмкін

Zakon.kz
Теміртауда полицей көпбалалы ана мінген көлікті бір-ақ қаққан, әйел адам ауруханаға жатқызылды.
Теміртауда учаскелік инспектор төрт баланың анасы мінген көлікті қағып кеткен. Бастапқы мәлімет бойынша, құқық қорғау органының қызметкері 23 қыркүйекте бағдаршам қызыл жанып тұрған кезде қиылыстан өтіп кеткен, деп жазады sputniknews.kz.

"Зардап шеккен әйел ауруханадан шықты, мекенжайы бойынша ем қабылдауға жіберілген. Емі біткен соң, біздің қызметкерлер медициналық картасын алып, сот-медициналық сараптама тағайындайды", — деді Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметі басшысы Бақытжан Құдияров.

Сот-медициналық сараптама әйел адамның денсаулығына жеңіл-желпі зиян келгенін дәлелдесе, жол апатына кінәлі бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылады.

"Егер орташа деңгейде зиян келсе, онда істің деректері тергеу бөліміне жеткізіліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіледі", — деп түсіндірді Бақытжан Құдияров.

Бұл жағдайда полицей 300 АЕК айыппұл төлеп немесе 75 күнге қамауға алынады.

Фото: sputniknews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

День, когда Байконур замирает: почему 24 октября не запускают ракеты

Выяснилось, сколько заработала Рыбакина за выход в финал турнира в Нинбо

Утреннее столкновение в Алматы: пострадавшие есть, кто был за рулем – неизвестно

Что посмотреть: 10 новых фантастических фильмов, в которых привычный мир "трещит по швам"

Трем пассажиркам одновременно стало плохо на рейсе Алматы – Астана: кто спас их в небе