Қарағандыда қызметтесін өлімші етіп сабаған сарбаз қамауға алынды

Zakon.kz
Екеуі де - көктемгі шақыртуда Оңтүстік Қазақстан облысынан әскерге шақырылған.
Қарағандыда аудандық сот әріптесін өлімші етіп сабаған Қорғаныс министрлігінің №44841 әскери бөлімшесінің әскери қызметкерін екі айға қамауға алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Әскери қызметкер АК 159/1 тергеу изоляторына қамауға алынды. Ол Қылмыстық кодекстің 440-бабы 4-бөлімінде қарастырылған «Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу» бойынша қылмыс жасады деп күдіктеліп отыр.

Айта кетейік, 19 жастағы сарбаз Е.Жексембай Қарағанды облысы Приозерск қаласындағы Қорғаныс министрлігінің №44841 әскери бөлімшесінің аумағында өлімші етіп сабалған болатын. Құқық қорғау органдары оның қызметтесін қамауға алды.

Екеуі де - көктемгі шақыртуда Оңтүстік Қазақстан облысынан әскерге шақырылған.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-інің 440-бабы 4-бөлімінде көзделген «Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу» бойынша қылмыстық іс жүргізіліп жатыр.

Фото: inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды