Павлодарда тілсіз жаудан 47 адам құтқарылды

Zakon.kz
Құтқарушылар 15 адамды өрттен аман алып шыққан.
Павлодарда Лермонтов, 92 көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде бір бөлмелі пәтер толығымен жанып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, демалыс күндері оқиға орнынан 47 адам қауіпсіз жерге шығарылған. Оның жетеуі – балалар. Қызыл жалын 15 шаршы метр аумақты шарпыған. Сонымен қатар, Привокзальная, 1 көшесінде орналасқан ескі темір жол сапаржайының ғимаратында электр сымдарының тұйықталуы салдарынан 20 адам құтқарылған.

Төтенше жағдай орын алған жерде бір звено жұмыс істеді. Бұдан басқа, Ертіс ауданында Бөгенбай батыр көшесіндегі үш қабатты үйдің жертөлесінде жанған қоқысты сөндіруге бір техника мен бір звено жұмылдырылған.

Құтқарушылар 15 адамды өрттен аман алып шыққан. Оның бесеуі – балалар. - Үш жағдайда да зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі мен өрттің шығу себебі анықталуда, - деді департаментте.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: pavlodarnews.kz


Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Физики впервые обнаружили квантовые скачки во времени

Приоткрыта завеса тайны над внезапной эвакуацией космонавтов с МКС

От -27°С до +3°С за три дня: какая погода ждет Алматы, Шымкент и Астану