Таразда дүниеге үшем келді

Zakon.kz
Кішкентай қыздардың есімдері Раяна, Саяна, Даяна.
Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылының тұрғыны 21 жасар Айдана Төлетаева Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында 2017 жылдың 22 қыркүйек күні өмірге үшем әкелді. Бұл туралы zhambylnews.kz, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлады.
Кішкентай қыздардың есімдері Раяна, Саяна, Даяна.

Жүктіліктің 33 аптасында операциялық жолмен туылған үш баланың салмақтары – 1,700, 1,600, 1,790 келі.

Үшемнің әкесі - Кирбасов Дулат жұмыссыз. Бұл олардың алғашқы қуанышы.

Жүктіліктің 12-ші аптасында Айдана Төлетаева тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханаға тіркеліп, үнемі дәрігерлердің бақылуында болған, соның арқасында ешқандай асқынусыз дүниеге дені сау сәбилерді әкелді.

Қазіргі уақытта сәбилердің анасы мен бүлдіршіндерінің жағдайы жақсы. Дәрігерлердің айтуынша, балаларды күту бойынша тиісті шаралар толығымен орындалды.
Фото: zhambylnews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Дастан Сатпаев одержал первую и разгромную победу в составе "Бернли"

Главный тренер "Бернли" огласил решение по Сатпаеву после первой победы в сезоне

Мужчина заработал 58 млн тенге за лето, просто вытаскивая рыбу из реки

Мощные удары изуродовали часть полного людей самолета на высоте 5200 метров

Криштиану Роналду отстранен от игр сборной Португалии по футболу