Алматыда ер адам 260 мың қорап жалған темекі сатпақ болған

Zakon.kz
Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Алматы Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары «Көлеңкелі экономикамен күрес» акциясы барысында Жетісу ауданындағы «Самал» базарының көлік тұрағында жалған темекі тасымалдау дерегін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Контрафактілік өнім Volvo көлігінен табылды. Көлік жүргізушісі бұл өнімнің кімдікі екендігін білмейтіндігін тек қана жеткізіп беруші екендігін айтып жалтарды.

«Жалпы құны 83,2 млн теңге болатын 260 қорап темекінің қолдан жасалғандығы анықталды. Тауарға Тәжікстан мен Қырғызстанның есептік бақылау маркалары жапсырылған», - деді қалалық МКД басшысының орынбасары Қанат Балтабеков.

Тәркіленген өнім «Жетісу» кеден пунктіне жеткізілді. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Фото: inform.kz
Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Птицы возвращаются на Арал: новая жизнь на берегах исчезающего моря

Опубликовано штормовое предупреждение на 27 октября

Казахстанка погибла в Стамбуле: МИД РК подтвердил трагедию

Актер Владимир Курочкин умер в возрасте 41 года

В госкорпорации прокомментировали создание ОПГ в СпецЦОНе Астаны