Латын әліпбиіне көшу келешек үшін тиімді

Zakon.kz
Көптің ойынша латын әліпбиіне көшу мәселесі дер кезінде көтеріліп отыр.
Латын әліпбиі Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуын жылдамдатады. Талдықорғандағы «дөңгелек үстел» отырысына қатысқан мамандардың ортақ пікірі осындай, деп хабарлайды Хабар телеарнасы.

Жиында мемлекеттік тілдің болашағы жайында толғақты ойлар ортаға салынды. Айтуларынша, латын әліпбиіне көшу мәселесі дер кезінде көтеріліп отыр.

Мұны одан әрі кешіктіруге болмайды. Өйткені ол біздің әлемдік қауымдастықпен бұрынғыдан да тығыз байланыстар орнатуымызға жол ашады. Әсіресе жастарға өте пайдалы. Олар мұны тез меңгереді.

-Қазіргі күні біз бәсекеге қабілетті маман дайындауымыз керек. Яғни көптеген білімнің, ғылымның қайнар көзіне қолжетімді жағдай жасауымыз керек. Егер біз латын әліпбиіне ауыссақ, ол біздің жастарға, болашақ ұрпаққа өте тиімді жол деп танимын, -дейді Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің проректоры Ләззат Еркінбаева.

Фото: liter.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Вместо бетона: запрещенный почти век материал возвращается в строительство

Потерянный 40 лет назад советский "Луноход-1" внезапно подал сигнал с Луны

Казахстан, Таджикистан и Узбекистан подписали важный документ по "Таджикскому морю"

Димаша Кудайбергена поздравил Пласидо Доминго

В Алматы изменились тарифы на отопление и горячую воду с 1 мая 2026 года