Алматы облысында саяжайлар назардан тыс қалды

Толғағы қысқан келіншек пен жүрегі ауырған қарт кісілерді, адамдар жеке көліктерімен орталыққа тасиды.
Алматы мен Қапшағай тасжолының бойындағы саяжай аумағында тұратын азаматтар ауылдарына ресми мәртебе берілуін сұрайды. Әзірге 11 мың тұрғыны бар ауыл еш картада да жоқ, сондықтан керек кезде жедел-жәрдем келмейді, полиция көмектеспейді, деп жазады QAZAQSTAN Ұлттық телеарнасы.

Несіпгүл Амалбекова отбасымен осы саяжайға12 жыл бұрын көшіп келді. Бала-шағаның қамы үшін ауласына кішігірім бақша егетін. Алайда, мұнда жарық жоқ болса су да келмей қалады. Ал ,келген судың өзі бақшасын суаруға жетпейді. Электр қуаты өте әлсіз.

Несіпгүл Амалбекова, саяжай тұрғыны:

- Басшылар жағдай жасап жатқан жоқ халыққа. Тоқ аз. Трансформатор ай сайын бұзылады. Оған ақша жинайды. Бақшаны биыл мүлдем еге алмадық. Су аз. Суармалы су мүлдем жоқ. Бірақ, салық жинайды 8 мыңнан. Жарық аз болса да кей жағдайда келіп қырқып кетеді. Оған бес мың алады қосқанына.

19 саяжайда 11 мыңнан аса тұрғын бар. Көктем мен күзде батпақтан көлік емес адамның өзі әрең жүреді. Мынау балаларды көрші тұрған Заречный ауылындағы мектепке апаратын жалғыз автобус.

Мәлика Байбұланова, саяжай тұрғыны :

- Кейде техника, автобус бұзылады. Жаяу баруға мәжбүр. Біздің жер өткеліміз айдалада. Жалғыз қалай жібереміз? Мен өзім баламды жібермеймін жалғыз ешқашан да. Мынау автомагистраль.

Саяжайдың тұрғындары әсіресе әрі-бері апаратын автобус бұзылып қалған кезде Заречныйдағы мектепке баратын оқушылар білім ошағына жету үшін дәл осы үлкен тасжолмен өтуге мәжбүр. Жыл басынан бері дәл осы жолда бірнеше адамды көлік қағып кеткен. Ал, жедел-жәрдем бұл жерге мүлдем келмейді.

Толғағы қысқан келіншек пен жүрегі ауырған қарт кісілерді, адамдар жеке көліктерімен орталыққа тасиды. Заң бойынша саяжай тек уақытша тұруға немесе бау-бақша егу мақсатында пайдаланылады. Сондықтан, аудан мен облыстан бұл аумаққа ресми қаржы бөлінбейді. Яғни, ауыл мәртебесін иеленуі екіталай.

Нұрлан Әбілев, Жетіген ауылдық округінің әкімі:

- Аурухана мәселесі, полицияның пунктін ашу мәселесін шешуге тырысып жатырмыз. Бірінші келісіміміз де бар.

Жетіген ауылдық округінің әкімі осы аптадан қалмай тұрғындармен арнайы жолығып, түйткілді мәселелерді шешемін деп уәде берді. Саяжай тұрғындары үлкен үмітпен үйлеріне беттеді. Біз де мыңдаған адамның жанайқайы жабулы қазан күйінде қалмайды деп сенейік.

Мирас Мұқаш

Фото: kaztrk.kz
Актау Актобе Алматинская область Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: