Алматы облысында екі адамның өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

Zakon.kz
Күдікті қашып кету мақсатында, Сарқаннан жолға шыққан кезде ұсталады.
Сарқан аудандық соты екі адамның өліміне қатысты бар деген жергілікті тұрғынды қамауға алу туралы санкция шығарды, деп хабарлайды sputniknews.kz, Алматы облысы ІІД таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық полицияның берген мәліметі бойынша, 4 қазан күні Сарқан АІІБ кезекші бөліміне жергілікті жедел жәрдем бөлімінен қоңырау түсіп, шақыру бойынша барған дәрігерлер жеке меншік үйлердің бірінде зорлықпен өлтірілген екі адамның мүрдесін тауып алады.

Ол 61 жасар үй иесі мен оның үйінде бөлме жалдап тұрған 34 жасар әйелдің денесі екені анықталды.

Күдікті қашып кету мақсатында, Сарқаннан жолға шыққан кезде ұсталады.

"Екі адамның өліміне қатысты болған қылмыстық іс облыстық полиция департаментінде тергеу ісі жүргізіліп жатыр. Қылмыс жасалған құрал табылып, қылмыстық істің материалдарына тіркелді", — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Фото: sputniknews.kz
Алматинская область
Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Потерянный 40 лет назад советский "Луноход-1" внезапно подал сигнал с Луны

Вместо бетона: запрещенный почти век материал возвращается в строительство

Погода в Астане, Алматы и Шымкенте резко изменится в ближайшие дни

Казахстанский город станет молодежной столицей СНГ

Фанаты не сдержали эмоций: семейная атмосфера в день рождения Димаша покорила Казнет