Петропавлда кәріз құбыры жарылып, шайынды су Есіл өзеніне құйылды

Zakon.kz
Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.
Петропавлда кәріз құбыры жарылып, 50 текше мертден астам шайынды су Есіл өзеніне құйылды. Қазір эколог мамандар өзен суынан сынама алып, арнайы тексеріс жүргізіп жатыр, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Егер сумен жабдықтау кәсіпорнының кінәсі дәлелденсе, оларға әкімшілік айыппұл салынатын болады. Айта кету керек, Петропавл қаласындағы кәріз құбырларының жалпы ұзындығы 240 шақырым. Бүгінде оның 60 пайыздан астамының әбден тозығы жеткен.

Ермек Омаров, облыстық экология департаментінің басшысы:

- Алаңдауға еш негіз жоқ. Біздің мамандар осы оқиға бойынша тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Екі апта уақыттан кейін талдау нәтижесі дайын болады. Сол кезде шығын көлемі де есептеледі. Бүгінгі күні көршілес Ресей елінің мамандарымен тікелей байланыс орнаттық. Оларда жағдай тұрақты.

Фото: 24.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период

"Рада, что продолжила играть в свою игру": Рыбакина высказалась после выхода в полуфинал турнира в Нинбо