Павлодар облысында бірқазан құсы табылды

Zakon.kz
Бұл Павлодар облысында табылған алғашқы бірқазан емес.
Павлодар облысы Качир ауданына қарасты Тілеубай ауылында бірқазан құсы табылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттікке Тілеубай ауылының тұрғыны Асхат Мангупов айтты. - Осыдан үш күн бұрын мен шөп жинауға барғанда бірқазанды көрдім, - дейді Асхат Мангупов.

- Ал, кешке үйге қайтып келгенде құс біздің ауланың маңында жүрді. Ол қанатын жайып, жүз метрдей ғана ұшады да, қайта жерге қонады. Соған қарағанда жарақаттанған болуы керек. Қазір бірқазан қорада тұр. Тамақтандырудамыз. Бірақ, бұл құс балықты көп жейді. Кеше орман шаруашылығының басшылығымен сөйлестік, бүгін мамандар келіп құсты алып кету керек. Келмеген жағдайда бірқазанды өзен жағасына алып барамын.

Еске салайық, бұл Павлодар облысында табылған алғашқы бірқазан емес. Осыған дейін өңір тұрғындары бірнеше рет бірқазан құсын тауып, оларға Пряник, Гоша және Принц есімдерін берген.

Абзал Қабдраш

Фото: Рavlodarnews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

В Таиланде нашли золотое кольцо возрастом 2 000 лет с загадочной надписью

Кто стал победителем Всемирных игр кочевников: поставлена точка

Британец "отличился" на борту самолета Тбилиси – Астана

Изменились правила валютных операций в РК

"Я не могу петь, плачу": Алла Пугачёва растрогалась во время встречи с 90-летним Раймондом Паулсом