Шығыс Қазақстан облысында үшем дүниеге әкелді

Zakon.kz
Әрқайсысының салмағы екі келіден артады. Дендері сау.
Облыстық ана мен бала орталығынан 11 қазанда дүниеге үшем әкелген бақытты ана Майра үш арысымен үйге шықты, деп жазады altaynews.kz.

Нәрестелердің есімдерін жолдастары үш жүзге арнап Ақарыс, Жанарыс және Бекарыс деп атапты. Оларды перзентханадан шығарып алуға туған-туыстары, жолдас-жоралары жиналды. Бақытты отбасы үйлеріне, Күршім ауданындағы Сарыөлеңге аттанды.

Күршімдік Майра мен Әзімбектің отбасында бұған дейін алты және үш жастағы екі қыз бар екен.

Майраның айтысына қарағанда, өзі жақтан да, жолдасы жақтан да отбасыларында егіздер болғанымен, үшем кездеспепті.

Үшемнің анасы Майра педагог болса, әкесі Әзімбек өз ісімен айналысады.

Нәрестелер өмірге кесар тілігімен келгенімен, әрқайсысының салмағы екі келіден артады. Дендері сау. Облыстық ана мен бала орталығы директорының міндетін атқарушы Қарлығаш Мажиринованың айтуынша, енді сәбилер аудандық аурухана дәрігерлерінің қамқорлығында болады.

—Жыл сайын бізде тоғыз мыңдай нәресте өмір есігін ашады. Жыл басынан бері 81 егіз бала туды. Соңғы үш жыл қатарынан үшемдер келді дүниеге. Олардың барлығының денсаулығын біз қатаң бақылап отырамыз, — дейді Қарлығаш Мажиринова.

Көпбалалы отбасына ана мен бала орталығының дәрігерлері мен медициналық қызметкерлері сый-сияпаттарын жасап, шығарып салды.

Фото: altaynews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Дастан Сатпаев одержал первую и разгромную победу в составе "Бернли"

Главный тренер "Бернли" огласил решение по Сатпаеву после первой победы в сезоне

Мужчина заработал 58 млн тенге за лето, просто вытаскивая рыбу из реки

Мощные удары изуродовали часть полного людей самолета на высоте 5200 метров

Криштиану Роналду отстранен от игр сборной Португалии по футболу