«Сенің еңбегің - сенің ертеңің» облыстық еңбек маусының жабылу салтанаты және жастар балының

Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігі және «Жас құрылысшылар» еңбек жасағының ұйымдастыруымен Сенің еңбегің - сенің ертеңің» облыстық еңбек маусымының жабылу салтанаты және жастар балы өтті.

Облыс орталығында 4-ші жыл қатарынан ұйымдастырылған шарада «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарында әр аудан және Қызылорда қаласы бойынша еңбек етіп, белсенді атсалысқан жастар мен құрылыс нысандарында еңбек етіп, әр түрлі мамандықтар бойынша үздік деп танылған жастар арнайы алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мұнан бөлек, жастар балында 30 жұпқа бөлінген жастар вальс билеп, барлық қатысушылар арасында лотореялық ойындар ойнатылды. Облысымызға танымал белгілі өнер жұлдыздары және жайдарманшылар өз өнерлерін көрсетті.

Айта кету керек, ағымдағы жылы «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары қатарында облыс бойынша 1035 жас сарбаз жұмыс жасаса, құрылыс нысандарында, яғни, 28 мекемеде, 316 жас жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 50 ден астам жастар тұрақты жұмысқа орналасты.

Следите за новостями zakon.kz в: