Шымкентте төртінші қабаттан құлаған сәбиді періштесі қақты

Zakon.kz
Көп қабатты үйлердің біріндегі терезеден бала абайсыздап құлап кетіпті.
Шымкентте естіген адам таңқалатын оқиға болды. Төртінші қабаттан құлаған бір жасар баланы періштесі қағып, аман қалды. Биіктен құласа да баланың еш жері сынбапты. Бір жас жеті айлық балақай қазір облыстық балалар ауруханасындағы хирургия бөлімінде ем қабылдауда, деп хабарлайды otyrar.kz.

Облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Болат Нұсқабаевтың айтуынша, оқыс оқиға қаладағы 4-шағынауданда болған. Көп қабатты үйлердің біріндегі терезеден бала абайсыздап құлап кетіпті. Биіктен құлаған баланы тексерген дәрігерлер балақайдың еш жері сынбағанына таңқалып отыр.

Болат Нұсқабаев, облыстық балалар ауруханасының орынбасары:

«Төртінші қабаттан құлаған бала 21 қазан күні ауруханаға жеткізілді. Тексеру барысында баланың еш жері сынбағанын анықтадық. Қан кетуіне байланысты ота жасадық. Жансақтау бөлімінен хирургия бөліміне кеше ауыстырылды. Қазір жағдайы бірқалыпты.»

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

В пятницу, 13-го, на Казахстан обрушится непогода

Археологи распечатали пещеру, закрытую 40 тысяч лет назад

МВД срочно обращается к родителям Казахстана из-за угрозы для подростков

Арина Соболенко "поспорила" за полуфинал турнира в Индиан-Уэллсе

Дела трех знаков зодиака резко пойдут в гору в ближайшие дни