Шахтинскіде иттер адамның бас сүйегін тауып алды

Zakon.kz
Бастың жанынан басқа сүйектер табылған жоқ.
Шахтинскіде адамның төбесі ойылған бас сүйегі табылды, деп жазады Sputnik, "Новый вестник" газеті жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, бас сүйекті бұрынғы темір бетон өнімдері зауытының аймағына иттер сүйреп әкелген. Сүйекті күзетші әйел көріп қалған.

Сүйектің төбесі ойылған. Күзетшінің айтуынша, оның шақыруымен 80-ге жуық полицей келіп, аумақты тексере бастаған. Басқа сүйектер табылған жоқ,

"Иттер оны адамдарға көрсету үшін тауып алды деп ойлаймын. Әйтпесе, бұл иттер аш емес, тамағы бар. Бұл жерде адам көп жүрмейді, итсіз жүру қорқынышты. Бұл әйелдің сүйегі секілді, кішкентай екен", — дейді күзетші әйел.

Қазіргі уақытта полиция адамның сүйегіне сараптама жасап жатыр.

Фото: sputniknews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды

Казахстанцам, стоящим в очереди на госжилье, сообщили хорошую новость