Қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа ұлттық әліпбиге көшіру жөніндегі республикалық жұмысшы тобының мүшесі

Zakon.kz
Кездесудің мақсаты – қазақ жазуын латын графикасына көшірудің маңыздылығын түсіндіру, ұсынылған әліпби жобасы туралы мәлімет беру.
Жамбыл облысының әкімдігі мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа ұлттық әліпбиге көшіру жөніндегі республикалық жұмысшы тобының мүшесі, Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Тілешов Ербол Ердембекұлының облыстың зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, тіл жанашырларымен, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен, мемлекеттік қызметкерлер және белсенді жастармен кездесуі өткізілді.

Кездесудің мақсаты – қазақ жазуын латын графикасына көшірудің маңыздылығын түсіндіру, ұсынылған әліпби жобасы туралы мәлімет беру.

Кездесуде облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуов, «Қазақстан-Тараз» телеарнасының директоры М.Төлепберген, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ш.Тілеумұрат, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің проректоры А.Абдуалы, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Т.Әбдіқадырова, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор С.Құлбарақ, республикалық тіл байқауының жеңімпазы Б.Бекназаров сөз сөйлеп, пікірлерін білдірді.

Шараға облыстың зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, тіл жанашырлары, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер және белсенді жастар, БАҚ өкілдері қатысты.

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Россия приняла важное решение по Байконуру

В Казахстане разоблачили массовое оформление незаконных исполнительных надписей

Турция обновила правила при заселении в отели

В Казахстане заработал новый запрет на использование пенсионных накоплений

В деревне раскопали 1800-летние "копилки" с десятками тысяч редких монет